Өзбекстанда ұшақтарды лазермен нысанаға алу жағдайы жиілеген
Өзбекстанда өткен жылдың басынан бері ұшақтардың ұшып-қонуы кезінде лазер сәулесімен кедергі жасаудың 16 жағдайы тіркелген.
Өзбекстан әуежайы жолаушылар мен экипаждың өміріне қауіп төндіретін лазер қолданушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Бұл туралы Uzbekistan Airports баспасөз қызметіне хабарлады, деп жазазы Uznews сайты.
2023 жылы 10 жағдай, 2024 жылдың 1 қаңтары мен 10 мамыры аралығында 6 жағдай тіркелді. Мұндай оқиғалар туралы деректер экипаж мүшелерінің айтуы негізінде анықталды.
Компания мұндай әрекеттері үшін азаматтар Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 116-1 бабы бойынша (Әуе кемесін пайдалану кезінде лазер сәулесімен кедергі жасау) жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін еске салды. Осы бапқа сәйкес, әуе кемесіне лазер сәулесін бағыттау арқылы кедергі жасау – айыппұл салуға немесе құқық бұзушылық заттары тәркіленіп, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.