Kazinform агенттігінің мәліметінше, зертхананың бірі Ташкенттің Яшнабад ауданындағы көп қабатты үйдің пәтерінде, екіншісі Ташкент облысындағы жеке үйде орналасқан. Ол жерлерді тінту барысында синтетикалық есірткі, түрлі контейнер, таразы, газ маскалары табылды.
Бірінші зертханадан — 4,8 кг, екіншісінен 9,9 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл — 40 мың дозаға пара-пар.
Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің ақпаратынша, тәркіленген есірткілердің жалпы құны шамамен 1 млн доллар.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.