Өзбекстан тұрғындарында қанша жеңіл көлігі бар екені белгілі болды.
ӨР президенті жанындағы статистика агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанда жеке тұлғалардың меншігіндегі автокөліктер саны 4 020 744 құрады, ал бұл сан екі жыл бұрын 3 268 470 болған.
Елдегі Автомобильдердің басым бөлігін жеңіл көліктер құрайды, олардың үлесі 93,4 пайыз. Ал жүк көліктері 6 пайызды құрайды.
Тұрғындардың меншігіндегі автокөліктердің жалпы саны келесідей:
- жеңіл автокөліктер – 3 759 045;
- жүк көліктері – 240 917;
- автобустар – 6 297;
- шағын автобустар – 9102;
- арнайы көліктер – 5 383.