Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметінше, былтыр орташа жалақы мөлшері 7,2 пайызға өскен.
Өңірлер арасында ең көп еңбекақы Ташкент қаласында (7,45 млн сум) тіркелді. Сондай-ақ, Навои (5,88 млн сум) және Ташкент облыстарында (4,52 млн сум) жалақы жоғары. Ал ең төменгі айлық Наманған (3,31 млн сум), Қашқадария (3,36 млн сум) және Сұрхандария (3,37 млн сум) өңірлерінде.
Салалар бойынша жоғары еңбекақы банк-қаржы секторында — 13,3 млн сум. Келесі орындарда ақпарат және байланыс (10,6 млн сум), көлік-логистика (6,9 млн сум) және өнеркәсіп салалары (5,6 млн сум) тұр.
Ең төменгі табыс денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер салаларында тіркелді. Онда айлық көлемі 3-3,7 млн сум аралығында.
Қоса кетейік, Numbeo ресурсының рейтингісіне сай, Қазақстандағы орташа айлықтың көлемі — 585 доллар. Мұндай көрсеткішпен Қазақстан тізімге енген 97 елдің ішінде 61-орында тұр.