Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қол қойған «Мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту жөніндегі қосымша шаралар» жарлығында жазылған, деп хабарлайды TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Президент Шавкат Мирзиёев премьер-министр Абдулла Арипов бастаған Жаңа Ташкент аумағының құрылысын үйлестіру кеңесіне 3 ай ішінде мемлекеттік органдарды көшіру туралы тапсырма берді.
Сонымен қатар, аталған кеңес мүшелері министрліктердің қазіргі ғимараттарын тиімді пайдалану және нысандарды сатып, одан түскен қаражатты Жаңа Ташкенттегі құрылыс жұмыстарына бағыттау бойынша Өзбекстан басшысына ұсыныс енгізуі керек.
Айта кетейік, Жаңа Ташкенттің құрылысы былтыр наурызда басталды. Ол толық аяқталғаннан кейін, жоспарға сай, қала миллионға жуық тұрғынды қабылдай алады.
Жаңа Ташкентте мемлекеттік мекемелер, жоғары оқу орындары және басқа да нысандар орналаспақ.