Экономика
Өзбекстанда газ өндірісі төмендеп барады
Жыл басынан бері Өзбекстанда 35,5 млрд текше метр газ өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға аз.

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, газ импорты да төмендеген. Атап айтқанда, оның көлемі $1,1 млрд доллардан сәл асады. Бұл ретте ресми Ташкенттің бір жыл ішінде Ресей мен Түрікменстаннан сатып алған көгілдір отыны 16%-ға кеміді. Сондай-ақ, газ конденсатының өндірісі де 1 млн тоннадан 930,9 мың тоннаға дейін азайған.
Импорт көлемінің қысқарғанына қарамастан, Өзбекстан көгілдір отын экспортын 5,1%-ға арттырып, одан 568,2 млн доллар пайда тапты.
Еске салайық, биыл қаңтар-тамыз айлары аралығында Өзбекстанда газ — 7%, ал жанармай өндірісі 14%-ға төмендеген еді.



