Әлем

Өзбекстанда электромобильдер импорты 6 есе өсті

Биылғы он айда Өзбекстан 22,5 мыңға жуық электромобильді импорттаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 есе көп, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Кеден комитетінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, биыл қаңтар-қазан айларында Өзбекстан 582,3 млн долларға 22,49 мың электромобиль импорттады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 679 көлікке артық. Тек соңғы үш айда аталған елге 365,3 млн долларға бағаланған 15,1 мың электромобиль әкелінген.

Ведомство ақпаратына сай, электр көліктерінің негізгі жеткізушісі – Қытай. Оған импорттың 91,7% үлесі тиесілі болса, екінші орында Гонконг (5,6%) тұр. Сондай-ақ БАӘ, Оңтүстік Корея, АҚШ және Германиядан да біршама көлік импортталған.

TuraNews

Back to top button