Қоғам

Өзбекстанда аптап ыстыққа байланысты пойыздардың жылдамдығы төмендейді

Өзбекстанда қалыптан тыс аптап ыстыққа байланысты пойыздар қозғалысының жылдамдығын төмендету жоспарлануда.

Бұл хабарламаны 2024 жылғы 27 маусымда «O’ztemiryo’lyo’lovchi» АҚ баспасөз қызметі таратты.

Компания түсіндіргендей, ауа райының қалыпты емес ыстық болуына байланысты жер үсті теміржол рельстері мен олардың болат бөліктерінің температурасы айтарлықтай көтеріледі.

«Пойыздың жылдамдығын шектеу жолаушылар мен пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген. Осының салдарынан пойыздар кестеден кешігіп жүруі мүмкін», — делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, жылдамдықтың төмендеуіне байланысты пойыздардағы ауаны баптау тиімділігі төмендеуі мүмкін.

TuraNews

Back to top button