
Бұл туралы сәрсенбіде Мәскеуде өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің терроризмге қарсы ұлттық орталықтары басшыларының (штаб бастықтарының) 17-ші кеңесінің қорытындысы бойынша ТМД Терроризмге қарсы орталығының (ТҚО) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Trend.
«Делегаттар лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар терроризмге қарсы жүйенің тиімділігін арттырудың және бірлескен іс-шаралардың үйлесімділігін дамытудың маңызды элементі болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты терроризмге қарсы күресті ұйымдастыру және жүргізу мәселесі қаралды. Биылғы жылы Өзбекстан Республикасының аумағында алғаш рет өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттердің құзырлы органдарының «Шығыс-антитеррор – 2024» оқу-жаттығулары өтеді» деп хабарлайды ТҚО.