Саясат
Өзбекстан ТМД-да қылмыстық кірістерді заңдастыру тәуекелін зерделейтін орталық құруды мақұлдады
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі ТМД халықаралық орталығын құруды көздейтін шартты бекітті.
Құжатқа 26 тамызда қол қойылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Өзбекстан басшысының қаулысына сай, аталған халықаралық шартты іске асыруға Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаменті жауапты болады.
Ал министрлер кабинеті мен тиісті ведомство басшылары халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін белгіленген тәртіппен оның жүзеге асуын бақылауға міндетті.
Еске салайық, аталған орталықты құру туралы келісімге былтыр қазанда Бішкекте өткен ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларының кеңесінде қол қойылған еді.
Құжат барлық қатысушы тараптарға хабарлама жолданып, мемлекетішілік рәсімдер аяқталғаннан кейін 30 күн өтіп, күшіне енеді.