ҚоғамТехнология
Өзбекстан мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде төмендеді
2024 жылдың мамыр айында Өзбекстан SpeedTest Global Index мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде бір позицияға төмендеп, 89-орынға тұрақтады.

Рейтингіні қалыптастырушылардың дерегінше, Өзбекстандағы орташа интернет жылдамдығы 29,50 Мбит/с.
SpeedTest Global Index рейтингіне сай, ТМД елдері арасындағы ең жылдам интернет – Қазақстанда (64-орын). Одан кейін Қырғызстан (74-орын) тұр, ал Ресей – 105, Тәжікстан болса 143-орынға сырғыды.
329,37 Мбит/с. жылдамдықпен Қатар мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер тізімінде бірінші орында тұр, ал сымды интернет жылдамдығы бойынша 289,98 Мбит/с. жылдамдықпен Сингапур көш бастап тұр.
Қоса кетсек, таяуда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр Жаслан Мәдиев Токиодан ілгері тұрған Астанадағы интернет сапасына өзінің бағасын берген еді.