ӘлемБастыСаясат

Өзбекстан мен Ұлыбритания СІМ басшылары ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды

Өзбекстан мен Ұлыбритания жан-жақты серіктестік туралы декларацияға және аймақтық, халықаралық қатынастар мен инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Ұлыбританияның Сыртқы істер, Достастық және даму жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Дэвид Кэмеронды қабылдады.

«Біздің сұхбатымыз тиімді және мазмұнды болды және Өзбекстан – Ұлыбритания қарым-қатынастарын барлық салаларда нығайтуға бағытталған негізгі міндеттерді анықтауға мүмкіндік берді», – деп жазды Бахтиёр Саидов Телеграм каналында.

Кездесуде экономикалық қарым-қатынастарды жеделдетуге ерекше назар аударылғаны атап өтілген.

«Біз британдық тараптың іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға дайындығын жоғары бағалаймыз», – деген Өзбекстан сыртқы істер министрі.

Өзбекстан мен Ұлыбритания жан-жақты серіктестік туралы декларацияға және аймақтық, халықаралық қатынастар мен инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойды.

 

Source
УзА агенттігі

TuraNews

Back to top button