БастыСаясатТуризм

Өзбекстан мен Қытай арасында 30 күндік визасыз режим енгізіледі

Өзбекстан мен Қытайдың Сыртқы істер министрлері азаматтарға 30 күн ішінде визасыз қос елге баруға мүмкіндік беретін келісімге қол қойды.

— Өзбекстан мен Қытай басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде әріптесіммен бірге азаматтарға 30 күн бойы визасыз саяхаттауға мүмкіндік беретін келісімге қол қойдық. Бұл — халықтар арасындағы байланысты нығайтып, сауда-саттық көлемін ұлғайтуға бағытталған үлкен істердің бір парасы, — деп жазды Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Аталған келісімнің нақты қашан күшіне енетіні қосымша хабарланады.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button