ҚоғамТехнология

Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарада да электронды кезек жүйесі енгізілмек

Ақпан айының соңына дейін Қазақстандағы төрт өткізу бекетінде электронды кезек жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды.

Төрт өткізу бекетінің екеуі Қытай шекарасындағы «Бақты» (Абай облысы) және «Майқапшағай» (ШҚО) бекеті. «CarGoRuqsat» сервисі «Бақты» бекетінде 15 ақпаннан, ал «Майқапшағай» бекетінде 20 ақпаннан бастап іске қосылмақ. Тағы екі бекет Маңғыстауда облысында орналасқан. «Темір-Баба» бекетінде кезек 22 ақпанда, ал «Тәжен» бекетінде 27 ақпанда енгізілмек. Біріншісі Түрікменстанмен, ал екіншісі Өзбекстанмен шекарада.

Бүгінде жүйеде шамамен кезекті броньдау бойынша 84 мың операция орындаған шамамен 7,5 мың пайдаланушы тіркелген.

Жасап шығарушылардың айтуынша, сервис ұдайы жетілдіріліп, жақсартылуда. Жуық арада ол «Face ID», яғни адамның келбетін сканерлеу арқылы тексерумен толығып, шетелдік азаматтар үшін тұлғаны банк картасы арқылы растау қызметі іске қосылмақ.

TuraNews

Back to top button