ӘлемҚоғам

Өзбекстан балаларға қарсы қылмыс жасаған тұлғалардың тізімін жасайды

Өзбекстан үкіметі кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасаған адамдардың реестрін жүргізу тәртібін бекітті. Бұл туралы ӨР Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап

«Енді кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға балалармен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады», — деп жазды Танзила Нарбаева өзінің Telegram арнасында.

Сондай-ақ ол сәуірде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасағандарға білім, бала тәрбиелеу, сауықтыру, шығармашылық ұйымдарда қызмет етуіне тыйым салатын заң қабылданғанын еске салды.

Кеше үкіметтің арнайы қаулысымен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасаған адамдардың реестрін жүргізу тәртібі бекітілді.

Оған қасақана кісі өлтірген, кәмелетке толмағандардың ар-намысына қол сұққан, жасөспірімдер бейнеленген порнографиялық өнімді таратқан, жезөкшелер үйін ұйымдастырған, терроризм, сондай-ақ қылмыстың басқа да түрлері үшін бұрын сотталған адамдар енгізіледі.

Реестр арнайы ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі.

«Реестрге енгізілген адамдарды жұмысқа қабылдау мәселесі осы ақпараттық жүйеден алынған ақпарат негізінде бақыланады», — деп мәлім етті Танзила Нарбаева.

TuraNews

Back to top button