Гуманитарлық жүкке Сұрхандария облысының хокимі Улугбек Косимов жетекшілік етіп барып, оны Балх провинциясында Ауғанстан тарапына табыстады, деп жазады Kazinform агенттігі.
Гуманитарлық көмектің ішінде 48 тонна ұн, 48 тонна бидай, 15 мың литр өсімдік майы, 10 мың дана ет консервісі, 24 тонна қант пен 22 тонна макарон өнімдері және 100 мың дана тез әзірленетін лағман пакеттері бар.
Қоса кетсек, бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек жіберілген еді.