Саясат
«Отандастар» қорының президенті Ұлттық құрылтайдың мүшесі болды
Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды.

Ақорданың 12 маусым күні берген ақпаратына сай, Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, «Отандастар» қорының президенті Данияр Қадыров, «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков қосылды.
Ұлттық құрылтай құрамынан А.Қашқынбеков, Д.Кривошеев, А.Сапарбекұлы шығарылды.
Ұлттық Құрылтайдың құрамына соңғы өзгерістер 2024 жылдың қаңтарында енгізілген.