ҚоғамСаясат

Өскеменде ағайынды сарбаздар Құрылтай сайлауында алғаш рет дауыс берді

Ұлттық ұланның Өскемен қаласындағы әскери бөлімдердің  мерзімді әскери қызметшілері Құрылтай сайлауына қатысып, таңдауларын жасады. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде үш жүзге жуық сарбаз  әскери бөлім аумағындағы орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс берді. Мемлекеттің болашағын айқындап, елдегі саяси өмір үшін маңызды оқиға ат салысқан сарбаздар қатарында ағайынды сарбаздар Әлішер мен Алдияр Әбдіғалиевтер бар.

Әскерге алғаш болып шақырту Алдиярға келген. Алайда өзінен бір жас кіші інісі Әлішер де ағасымен бірге Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуді жөн көрген. Отан алдындағы борышын өткеруге келген бір үйдің балалары мемлекет үшін маңызды іс-шарада да бірге дауыс берді.

— Бүгінгі саяси науқан ел болашағы үшін маңызды, сондықтан азаматтық таңдауымызды жасауымыз қажет. Біз балаң шағымыздан кез келген сұраққа бірге жауап іздейміз. Бұл жолы да өзара пікір алмаса отырып дауыс бердік. Жалпы, біз өмірімізде тұңғыш рет дауыс бердік. Өскеменде қаласында Отан алдындағы борышымызды атқарып жүрген бұл толқынысқа толы шақ болды, -дейді 5518 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Алдияр Әбдіғалиев.

Әлішер мен Алдиярдың өмір жолы осы уақытқа дейін қатар өрілген. Екеуі бір мектепте білім алып, кейін бір колледжде аспазшы мамандығын игерген. Ұлттық ұлан сапына да Семей қаласынан бірге шақырылған.Олар үшін бұл тек азаматтық борыш емес, туған ел алдындағы жауапкершілікті бірге арқалаудың жарқын үлгісі.Сонымен қатар, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев те мерзімді әскери қызметшілермен бірге №121 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Айта кетейік, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оларға мерзімді әскери қызметшілермен қатар офицерлер мен сержанттар да қатысуда.

TuraNews

Back to top button