БастыҚоғам

Ораза биыл қашан басталып, қашан аяқталады?

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айы қарсаңындағы баспасөз мәслихатында айтты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі биылғы діни күндер кестесін бекітіп, жариялады. Соған сәйкес, ораза наурыздың алғашқы күніне түсіп тұр.

Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі. Биыл Рамазан айында 29 күн ораза ұстаймыз, — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

TuraNews

Back to top button