
Үш күндік айт мейрамынан кейін келетін 2, 3, 4 сәуір жұмыс күндері де Президент жарлығымен демалыс болып есептеледі.
«Мектептердегі көктемгі каникул мерзімімен тұспа-тұс келген Ораза айт мерекесі күндері барлық түркиялықтар отбасымен бірге демалуы үшін осындай игі қадамға бардық», — деді Режеп Тайып Ердоған.
Бұған дейінгі жылдарда түркиялықтар Ораза айтта үш күн, Құрбан айтта 9 күн демалатын.