Қостанай облысына «Оңтүстіктен солтүстікке» көші-қон мәселелері жөніндегі баспасөз туры аясында Түркістан өңірінен делегация келді. Сапар барысында Түркістан облысынан қоныс аударған отбасылардың жұмыс орындарымен, тұрмыс жағдайларымен танысу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
«Соңғы алты жылда тиісті бағдарлама негізінде облысқа Түркістаннан мыңнан аса адам көшіп келді.
Жалпы Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан қоныс аударған азаматтарға және шетелдерден келген қандастарға отбасының әрбір мүшесі үшін 240 мың тг, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтеу үшін материалдық көмек ретінде бір жылға айына 70-100 мың тг төлем төлеу, үй сатып алу үшін 4 млн тг дейін сертификат беру қарастырылған.
Бұған қоса дәрігерлер үшін 5 млн теңгеге дейін көтерме жәрдемақылар беру де көзделген. Бұдан бөлек, жанашыр азаматтар бағдарламадан тыс тұрғын үй алып беру, отын-су жеткізуге көмек көрсетсеуге ниеттеніп отыр» — деп жазды Ринат Мұхаметқали Facebook парақшасында.