Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы тұтанады.
Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрі мен 10 дисциплина бойынша 42 спортшы қорғайды. Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынайды.
Спорт түрі мен спортшылардың есімдері:
Биатлон:
- Алема Қарабаева
- Ильяс Хасенов
- Эвелина Мезенцева
- Антон Редькин
- Мария Воробьева
- Кирилл Зотов
- Тау шаңғы спорты:
- Ростислав Хохлов
- Александра Скороходова
Керлинг:
- Мерей Тастемір
- Ибрагим Тастемір
- Конькимен жүгіру спорты:
- Руслан Жанаділов
- Михаил Матрюхин
- Алина Шумекова
- Кристина Шумекова
Шаңғы жарыстары:
- Берік Боранбаев
- Әубәкір Тотанов
- Милана Мамедова
- Виолетта Митропольская
Шаңғымен тұғырдан секіру:
- Илья Мизерных
- Илья Шильников
- Софья Шишкина
- Алена Свириденко
- Фристайл-могул:
- Юлия Феклистова
- Денис Раструба
Шорт-трек:
- Мейіржан Төлеген
- Ерасыл Шыңғысхан
- Анастасия Астраханцева
- Полина Омельчук
Шайбалы хоккей 3х3:
- Темірлан Айболұлы
- Бексұлтан Мақыш
- Арсений Кучковский
- Әділхан Саттар
- Никита Кулаков
- Матвей Решетько
- Расул Тұрсынов
- Арман Төлен
- Жахангер Тілеухан
- Таир Бигаринов
- Егор Кравченко
- Роман Мичуров
- Әнуар Ахметжанов
Шаңғы қоссайысы:
- Арман Қуаныш
Канвон-2024 ойындарына 14 пен 17 жас аралығындағы әлемнің 80-ге жуық елінен келген 1800 спортшы қатысады. Олар 7 спорт түрінің 15 бағдарламасы бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салады.