БастыДенсаулықҚоғамМәдениетСаясатСпортТехнологияТуризмЭкономика

Оңтүстік Корея Президенті Орталық Азия елдеріне бір апталық сапарын бастады

Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль дүйсенбі күні Орталық Азияға бір апталық сапарын бастады.

Cапары барысында Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Түрікменстан, Қазақстан және Өзбекстанға баруды жоспарлап отыр.

Сапардың мақсаты — Оңтүстік Корея мен Орталық Азия аймағы арасында пайдалы қазбалар және өзге де негізгі салаларда ынтымақтастықты кеңейту, деп жазады Kazinform агенттігі Yonhap-қа сілтеме жасай отырып.

Оның Орталық Азия елдеріндегі сапары 15 маусымға дейін жалғасады. Оңтүстік Корея басшысының осы сапарында бірінші ханым Ким Кеон Хи, сондай-ақ 60-тан астам корей компаниясының өкілдері бірге келеді.

Айта кетейік, бұл — Юнның желтоқсанда Нидерландқа мемлекеттік сапарынан кейінгі шетелге бірінші сапары.

Ол дүйсенбі күні Түрікменстан астанасы Ашхабадқа барып, онда президент Сердар Бердімұхамедовпен жоғары деңгейдегі кездесуге қатысады.

Бұл тұрғыда өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі ұйымдастырылады.

Ал сейсенбі күні Юн Сок Ёль үш күндік сапармен Астанаға аттанады.

Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты стратегиялық серіктестікті тереңдету мәселесі бойынша саммит өткізіп, Қазақстандағы этникалық кәрістермен және оңтүстіккореялық азаматтармен кездеседі.

Бейсенбі күні президент Өзбекстанға барып, онда президент Шавкат Мирзиеевпен кездесіп, екіжақты бизнес-форумға қатысады.

Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшінің бірінші орынбасары Ким Тэ Хёнің айтуынша, Оңтүстік Корея президентінің Орталық Азияға сапары оңтүстіккореялық компаниялар үшін энергетика, маңызды пайдалы қазбалар, инфрақұрылым және басқа салаларда жаңа бизнес мүмкіндіктерді іске асыруға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне әрекет ету және технология сияқты салаларда ынтымақтастықты әртараптандыруға ықпал етеді.

Тур барысында Юн Сок Ёл Оңтүстік Кореяның инновациялық мүмкіндіктерін Орталық Азияның бай ресурстары мен даму әлеуетімен байланыстыру арқылы ынтымақтастықтың жаңа моделін құруға бағытталған «K-Silk Road» атты жаңа бастаманы жариялауды жоспарлап отыр.

Келесі жылы Оңтүстік Корея жағы Орталық Азияның бүкіл бес елінің басшыларының қатысуымен саммит өткізуді жоспарлап отыр.

TuraNews

Back to top button