Мәдениет
“Өнерлі өлке”: Кентау қаласының өнерпаздары түрлі салт-дәстүрлерді жаңғыртты
Түркістан төрінде өтіп жатқан “Өнерлі өлке” өнер фестивальінде кентаулық өнерпаздар ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, түрлі салт-дәстүрлерді насихаттап қойылымдар көрсетті.
“Дәстүр даналығы» көрінісі көрсетіліп, онда «Танабау тағу», «Қол ұстатар», «Төркіндеу» салт-дәстүрлері ұсынылды. Аталған салт-дәстүрлер арқылы қыз баласының ғұмыр жолы көрсетіледі, балауса кезі, бойжетіп тұрмыс құрар уақыты және бір әулеттің келіні, ана атанған шағы көрсетілді.
Одан бөлек, түрлі ұлттық тағамдар тізімі таныстырылып, көпшілікке ұсынылды.