БастыТехнологияЭкономика
Trending

NVIDIA басшысы Дженсен Хуанг алғаш рет Қазақстанға келеді

Әлемдегі ең қымбат компания – NVIDIA-ның негізін қалаушы әрі басшысы Дженсен Хуанг Астанаға алғаш рет келеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Хуанг Астанада өтетін «AI Month» (Жасанды интеллект айлығының) арнайы қонағы болады. Astana Hub қолдауымен өтетін бұл ауқымды шара 23 қыркүйекте әлемдегі ең ірі хакатон – HackAlem AI басталады.

Бағдарлама аясында 1 қазанда NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредян Жасанды интеллект жөніндегі кеңес отырысына қатысса, 2–3 қазанда «AI & Digital Bridge 2026» халықаралық форумы өтеді. Ал айлықтың шымылдығы 23 қазанда Дженсен Хуангтың қатысуымен түйінтеледі. Ол alem.ai халықаралық орталығында жасанды интеллекттің болашағы мен өңірлік мүмкіндіктер туралы сұхбат өткізеді.

«Біздің мақсатымыз – Қазақстанды озық идеялар мен жасанды интеллект мамандары тоғысатын Орталық Еуразиядағы орталыққа айналдыру», – деді Жаслан Мәдиев. Айта кетейік, нарықтық капитализациясы 5,3 триллион доллардан асатын NVIDIA қазіргі таңда әлемдегі ең қымбат компания болып табылады.

TuraNews

Back to top button