«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», -делінген хабарламада.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.
Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
- 1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
- 2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
- 2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
- 2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
- 2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
- 2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
- 2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарады.
Марапаттар:
- «Құрмет» ордені/2011
- «Парасат» ордені/2016
- Қазақстанның құрметті құрылысшысы



