Осылайша сербиялық теннисші «Үлкен дулыға» турнирінде 24-ші рет топ жарды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Джокович финалда ресейлік, әлемнің 3-ракеткасы Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:5), 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша сербиялық теннисші «Үлкен дулыға» турнирін 24-рет жеңіп алды. Бұл көрсеткіш жөнінен ол австралиялық спортшы Маргарет Кортпен теңесті.
Жарыстағы жеңісі үшін Джокович 2 мың рейтингілік ұпайға ие болып, 3 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тапты. Ал Даниил Медведевтің 1200 ұпай мен 1,5 млн доллар иеленді.
Айта кетейік, 36 жастағы Джокович АҚШ-тың ашық чемпионаты тарихындағы «ең қарт» жеңімпаз атанды. Ол австралиялық Кен Розуолдың рекордын жаңартты. Бұл теннисші 1970 жылы 35 жасында үздік шыққан еді.