Әлем

Норвегия ресейліктерге визаны шектеді

Норвегияның Ресеймен виза мүмкіндігін жеңілдету туралы келісімі 2022 жылдың 22 қыркүйегінен бастап уақытша тоқтатылғаны білдірілді.

Норвегия Ресей мен Украина арасында 24 ақпаннан бері жалғасып жатқан соғыс себебімен 2007 жылы Ресеймен қол қойған виза келісімін тоқтатты.

Норвегия Көші-қон департаментінің мәлімдемесінде:

«Норвегияның Ресеймен виза мүмкіндігін жеңілдету туралы келісімі 2022 жылдың 22 қыркүйегінен бастап уақытша тоқтатылды» деп хабарланды.

Елде тұрақты тұруға рұқсаты бар ресейліктерді елге қайтаруға қатыстбір шешімнің жоқ екені білдірілді.

Келісім ресейліктерге Норвегияға оңай кіруге және 5 жылға дейін күшіне ие көп мәртелік визаларға өтініш беруге мүмкіндік беретін.

Ресей азаматтары енді қатаң ережелер мен тәртіптерге тәуелді болады.

Визаға өтініш білдірген ресейліктердің 45 күнге дейін күту кезеңін өткізетіні, бұрын виза ақысы үшін төленген 35 доллардың 80 долларға дейін көтерілгені жарияланды.

TuraNews

Back to top button