БастыМәдениет
Trending

«Музей түнінде» не болып жатыр? Суреттер сөйлесін

Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде «Музей түні – 2026» мәдени кеші өтіп жатыр. Кешке келушілер саны өте көп, тіпті музей маңында ұзын кезек пайда болған, деп жазады Astanalife.kz сайты.

Келушілер үшін тамаша концерт, шоу-бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар, квест ойындары, шеберлік сабақтары мен жәрмеңке ұйымдастырылған. Сонымен қатар арнайы көрмелер қойылып, қонақтарға музей дастарханы ұсынылуда.

Кештің атмосферасы кәдімгі музейден гөрі үлкен мәдени фестивальді еске салады. Адамдар отбасымен, достарымен келіп, көрмелерді аралап, интерактивтерге қатысып, түнгі музейдің ерекше атмосферасын сезінуде.

 

TuraNews

Back to top button