ӘлемҚоғамМәдениет

Моңғолиядағы тойда бір бапкердің 4 аты қатарынан жүлделі орынға ие болды

Көшпенді халықтардың, соның ішінде қазақ халқының – жүйрік атқа деген көзқарасы ерекше. Тіпті аймағымызда да жеті атасынан бері жүйрік баптап, құс салатын өнерлі азаматтар бар. Солардың бірі – Улаанхус сұмын тумасы, белді кәсіпкер, ат бапкері Сапар Байынұлы. Бұл азамат осы жолғы тойға тай жарысынан бастап айғыр жарысына дейін 7 ат қосып, 2 аты бірінші келді. Анығырақ айтқанда жуан ат және құнан жарысынан бірінші, тай және бесті ат жарысынан үшінші болып көмбеге жеткен. Сонда бәйгеге қосылған аттарының ішінен 4 аты жүлдегер атанған, деп хабарлайды моңғолиялық «Janadauir.com».

Сапар Байынұлының ең бірінші ұстанымы – ат бапкері жүйрік атты тани білу керек, содан кейін баптаудың маңызы ерекше. Себебі ат пен спортшының бабы бірдей.

Сурет: janadauir.com

Айта кету керек, бұл жерде «той» деп отырғаны Моңғолияда 11 шілдеден басталатын дәстүрлі «Наадам» мерекесі. Аталған мереке жыл сайын елдің барлық жерінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Мұнда ат жарысы, ұлттық күрес және садақ ату арқылы тойланады.

Ат бапкері Сапардың айтуынша, оның аталары ат баптаудың қыр-сырын жетік меңгерген. Өзі де бала күнінен асау үйретіп, жүйрік мінген қыр баласы екен. Ат бапкері қыс бойы 24 жылқыны қолға ұстайды. Олар үлкен бір команда болып жылдың 12 айында ат баптауға көңіл бөлетін көрінеді.

Ат бапкері Сапар Байынұлының алдағы мақсаты – жылқы тұяғын сапаландыру екен.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button