ТехнологияЭкономика

Мeta, Google және Apple компаниялары Қазақстан бюджетіне қанша салық төледі

Биыл жыл басынан интернет арқылы ел аумағында қызмет көрсететін шетелдік компаниялар бюджетке 6,1 млрд теңге салық төлеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Құзырлы орган мәліметінше, тіркеу рәсімінен 37 шетелдік компания өткен. Олардың ішінде «Apple», «Maps», «Google», «Ebay», «Amazon», «Facebook» және «Netflix» сияқты алпауыт корпорациялар бар.

Қазақстан бюджетіне салықтың басым бөлігі Ирландияның «Мeta Platforms Ireland Limited» (1,6 млрд теңге) және «Apple Distribution International Limited» (1,1 млрд теңге), сондай-ақ АҚШ-тың «IHerb» компанияларынан (1,4 млрд теңге) түскен. Сонымен қатар, «Google» 243 млн теңгеден астам қаржыны салыққа бағыттапты.

Ал сингапурлық «TikTok Pte.Ltd», Ұлыбританияның «Audible Limited» және ресейлік «Nexway» мен «AliExpress Russia Holding» сияқты компанияларынан бюджетке мүлде салық түспеген.

 

Фото: sun9-11.userapi.com

TuraNews

Back to top button