Саясат
Trending

Мәулен Әшімбаев Конституция күнінің өзгеруіне қатысты пікір айтты

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. 

Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады.

— Жаңа Конституция қабылданған күн елімізде мереке ретінде аталып өтетіні белгіленген. Сондықтан Ата заң (референдумда) қабылданса, онда мереке күні өзгереді, — деді Мәулен Әшімбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда референдумда халық қолдаса, онда 15 наурыз Ата заң күні ретінде білгіленеді. Айта кетейік, қолданыстағы Конституция күні тамыз айында тойланып келеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпыхалықтық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы қабылданған жағдайда, Ата заңның нақты қашан күшіне енетіні анық жазылған.

Жаңа Конституция жобасының «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын соңғы бөлімінің 94-бабы 1-тармағына сәйкес, республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады.

Source
inform.kz

TuraNews

Back to top button