БастыСаясат

Малайзия Өзбекстандағы кен орындарын игеруге мүдделі

Малайзияға ресми сапармен барған Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Petronas корпорациясының президенті Мухаммед Тауфикпен кездесу өткізді.

Тараптардың кездесуі барысында Өзбекстан мен Малайзияның мұнай-газ, химия және энергетика салаларындағы ынтымақтастығы талқыланды.

— Геологиялық барлау жүргізу және перспективалы кен орындарын игеру, көмірқышқыл газының қоршаған ортаға келтіретін залалын азайту үшін озық технологияларды енгізу мәселелері ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде айқындалды. Сондай-ақ, тараптар Petronas университетінің базасында жоғары білікті кадрларды даярлауға уағдаласты, — делінген Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button