БастыСаясатТехнологияТуризмЭкономика
Корея Республикасының Президенті мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен кеше, 13 маусымда Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль жұбайымен бірге Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды.

Мәртебелі мейманның құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сапқа тұрды, деп хабарлайды Уза агенттігі.
«Сапардың негізгі шаралары бүгін, 14 маусымда өтеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздерде Өзбекстан-Корея достығы мен ерекше стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері қарастырылады.
Саммит соңында бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған. Сондай-ақ бірлескен бизнес форумға екі ел Президенттері қатысады деп күтілуде», — денілген хабарламада.
Президент Юн Сок Ёль Өзбекстанның бай мәдени және тарихи мұрасымен танысу мақсатында Самарқанд қаласына барады.