БастыМәдениет
Trending

Киіз үй ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді

Қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының киіз үй дайындау және тігу өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енді. Осындай шешім ұйым комитетінің 10 желтоқсанда Нью-Делиде өткен кеңесінде қабылданды, деп жазады Kursiv Media сайты.

Қуанышты хабарды алғашқылардың бірі болып Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева телеграм-арнасында хабарлады.

«Дәстүрімізді, рухани мұраның күші мен ұрпақтар сабақтастығын халықаралық деңгейде мойындау», – деп сипаттады осы оқиғаны өзбек президентінің қызы.

Мәліметтерге қарағанда, түркі көшпелі халықтарының баспанасы – киіз үй 2014 жылы Қазақстан мен Қырғызстан атынан ұсынылған. Сол кезде бастаманы Өзбекстан да қолдап, қарақалпақ киіз үйін тізімге қосуды өтінген. Үш елдің ұсынысы енді ғана қабылданып отыр.

Биыл барлығы 68 өтінішті қарап жатқан комитет мақсым – көне қырғыз сусынын дайындау әдісін де тізімге қосты. Оны қуырылған бидайды суға бұқтырып, сүт қосып дайындайды.

ЮНЕСКО мәліметінше, қазір адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізімінде 153 елдің 812 өнері бар.

Бір ай бұрын ұйым түркі тілдес елдер үшін жаңа мереке бекіткен еді.

TuraNews

Back to top button