Спорт

Карим Бензема «Алтын доп» жүлдесін алды

2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік футболшысы анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz

«Реал» футбол клубының шабуылшысы Карим Бензема «Алтын доп» жүлдесін иеленді, Карим Бензема бұл сыйлыққа әбден лайық. 34 жасында «Реалмен» Испания чемпионаты мен Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Биылғы жылы Бензема түрлі турнирлерде 46 ойында 44 гол соққан.

Дауыс беру нәтижесі бойынша ойыншылардың топ-20:

20. Криштиану Роналду, «Манчестер Юнайтед»
17-19. Луис Диас, «Ливерпуль»
17-19. Душан Влахович, «Ювентус»
17-19. Каземиро, «Манчестер Юнайтед»
16. Вирджил ван Дейк, «Ливерпуль»
14-15. Фабиньо, «Ливерпуль»
14-15. Рафаэл Леау, «Милан»
13. Себастьен Аллер, «Боруссия» Дортмунд
12. Рияд Марез, «Манчестер Сити»
11. Сон Хын Мин, «Тоттенхэм»
10. Эрлинг Холанд, «Манчестер Сити»
9. Лука Модрич, «Реал»
8. Винисиус Жуниор, «Реал»
7. Тибо Куртуа, «Реал»
6. Килиан Мбаппе, «ПСЖ»
5. Мохамед Салах, «Ливерпуль»
4. Роберт Левандовски, «Барселона»
3. Кевин Де Брёйне, «Манчестер Сити»
2. Садио Мане, «Бавария»
1. Карим Бензема, «Реал»
«Баршаңызға көп рахмет. Бұл жол оңай блокады. Ұлттық құрама сапында біраз ойнамадым. Қайта оралдым. Қиын кезеңдерді өткеріп, жақсы жұмыс жасағаным үшін мақтан етемін. Клуб және ұлттық құрамадағы әріптестерімен алғыс айтамын. Бұл веке спортшыға берілетін жүлде болғанымен, ұжымның үлесі үлкен. Менің балалық шағымдағы арманым орындалды. Бұл оңай емес, бірақ оған қол жеткізуге болады. Мен гол соққаннан гөрі команда үшін ойнауды ұнатамын. Менің анам көп көмегін тигізді. Бүгін ол кісі осы жерде. 30-дан жастан асқанда осындай жүлде алу — қыруар еңбектің жемісі деп білемін», — деді Карим Бензема. 
Франция елінің футьолшысы соңғы рет «Алтын допты» осыпан 24 был бұрын алған еді. Сол кезде «Ювентусте» ойнап жүрген Зинедин Зидан 1998 жылдың ең үздік ойыншысы атанған.

TuraNews

Back to top button