БастыҚоғам

Жеңіс күнінде облыс орталығындағы Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды

Бүгін Жеңіс күніне орай Өскемендегі Даңқ мемориалында Ұлы Отан соғысының батырлары еске алынып, гүл шоқтарын қою Жеңіс күнінде облыс орталығындағы Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

«Халқымыз үшін қастерлі мереке – Жеңіс күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Жеңіспен өрілген тарихымыз Отан үшін от кешкен батырларға кенде емес. Сол себепті елдік жолында күрескен ұландар қашанда ұлықтауға лайық. Ардагерлердің ұлы ерлігінен өнеге алып, бой түзейтін жас ұрпақ аталарының қаһармандығы мен қайсарлығын әрқашан есте сақтайды. Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды! Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз!», — деді ШҚО әкімі.

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде есімдері ел тарихында алтын әріптермен жазылған ардагерлердің қатары сиреп келе жатқанын жеткізді. Шығыс Қазақстан облысында Жеңістің 81-ші көктемін Ұлы Отан соғысының 6 ардагері мен 3 мыңнан астам тыл еңбеккері қарсы алып отыр. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

Жалпы сұрапыл соғыс жылдарында 90 мыңнан астам жерлесіміз майдан даласында шайқасқан. Оның ішінде 5 мыңы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

«Бейбіт өмірдің қадірін түсініп, көздің қарашығындай сақтау, ұрпаққа аялап аманат ету – біз үшін қасиетті парыз!
Бүгінгі Әділетті Қазақстанның берік іргесін қалыптастырып, қасиетті Отанымыздың өркендеуіне септігін тигізген ардагерлерді ардақтап, қазыналы қарттарға қамқорлық таныту – ортақ борышымыз! Осынау Ұлы күнде әр шаңыраққа шаттық, ырыс пен бақ-береке орнасын. Жеңіс жалауы мәңгі желбіресін!», — деді аймақ басшысы.

Содан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан шығысқазақстандықтардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, ары қарай мерекелік концертке ұласты.

TuraNews

Back to top button