БастыЭкономика

Жеңілдетілген автонесие беру қашан жалғасады? Скляр жауап берді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан жанданатынын түсіндірді, деп хабарлайды Turanews.kz

Роман Склярдың айтуынша, бағдарламаның ендігі қарқыны бұған дейін несие алғандардың қарызын уақтылы төлеп тұрғанына байланысты.

«Бәйтерек» холдингінің маған баяндаған мәліметі бойынша, револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталу керек. Ол ақша келесі траншпен жеңілдетілген автонесие ретінде басқа азаматтарға берілуге тиіс. Қазір 188 млрд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игерілуде. Бұл жұмыс жалғасады», – деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

TuraNews

Back to top button