БастыЭкономика

Жемқорлық бойынша Қазақстан нешінші орында?

Жемқорлықты зерттейтін Transparency International ұйымы 2023 жылдың Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша Жемқорлықты қабылдау индексін жариялады. 

Қазақстан 100 ықтимал ұпайдан 39 ұпай жинап (180 ел арасында 92-орын) қайтадан жемқорлық деңгейі жоғары елдер қатарына енді. Бұл туралы жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы Transparency International хабарлады.

Transparency International сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы ресми сайтында 2023 жылғы жағдай бойынша сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің (ЖҚИ) көрсеткішін жариялады.

«Ең алдымен, сыбайлас жемқорлық индексін бағалау бүкіл елге, қоғамға қатысты, ал мемлекеттік аппарат оның бір бөлігі ғана екенін түсіну керек. Өткен жылы біз мемлекеттік органдардың біршама ілгерілеуін көрдік және бұл өзгерістер Қазақстанда азаматтық қоғам ояна бастағанын көрсетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның алдын алуға бүкіл қоғам болып кірісуіміз керек. Әсіресе мұнай секторында біз балаларымыздың болашағы үшін одан әрі оң динамиканы көре алатынымызға сенімдімін», – дейді Transparency International қорының Қазақстандағы төрағасы Айдар Егеубаев.

Айта кетейік, 50-ден төмен ұпай жинаған елдер сыбайлас жемқорлық көрсеткіші жоғары деп танылады.

 

TuraNews

Back to top button