БастыСпорт

Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы атанды

АҚШ-та қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен германиялық Винченцо Гуалтьеридің жекпе-жегі өтті, деп BasSport.kz порталына сілтеме жасап TuraNews.kz хабарлайды.

Бүкіл жекпе-жек бойы басымдық көрсеткен Жәнібек қарсыласын 6-раундта нокаутпен жеңді.

Отандасымыз өзінің WBO белбеуіне IBF белбеуін қосты. Осылайша ол екі нұсқа бойынша әлем чемпионы атанды.

Бұл – біздің бокс, бұл – қазақ стилі. Біз оны тарихқа қалдырғымыз келеді. Біз басынан бастап осындай тактиканы таңдадық. Оның бокстаспайтынын білдік. Осы екі белбеуге тағы екі титулды қосқымыз келеді. Егер Top Rаnk ұйымдастырып берсе, мен дайынмын, – деді боксшы жекпе-жектен кейін.

Айта кетейік қазіргі кезде WBC бойынша әлем чемпионы Джермалл Чарло болса, WBA титулына Эрисланди Лара иелік етеді.

Сондай-ақ спортшыны жарқын жеңісімен Мемлекет басшысы да құттықтады.

Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз! – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Бұл әлі ешкімге жеңіліп көрмеген Жәнібек Әлімханұлының кәсіби рингтегі 15-жеңісі (оның 10-ы нокаут).

TuraNews

Back to top button