ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жаңа министрлерді таныстырды.
Роман Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары болды.
Ғалымжан Қойшыбаев министрлер кабинеті аппаратының басшысы болды.
Мұрат Нұртілеу, Ғалымжан Қойшыбаев, Серік Жұманғарин, Тамара Дүйсенова, Нұрлан Байбазаровтар да премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сыртқы істер министрі – Мұрат Нұртілеу;
Қорғаныс министрі – Руслан Жақсылықов;
Ішкі істер министрі – Ержан Сәденов.
Қаржы министрі – Мәди Тәкиев. Бұған дейін бұл қызметті Ерұлан Жамаубаев атқарды.
Мәдениет және ақпарат министрі – Аида Балаева;
Ауыл шаруашылығы министрі – Айдарбек Сапаров;
Әділет министрі – Азамат Есқараев;
Энергетика министрі – Алмасадам Сәтқалиев;
Ғылым және жоғары білім министрі – Саясат Нұрбек;
Денсаулық сақтау министрі – Ақмарал Әлназарова. Ол Ажар Ғинияттің орнына келді;
Сауда және интеграция министрі – Арман Шаққалиев;
Көлік министрі – Марат Қарабаев;
Оқу-ағарту министрі – Ғани Бейсембаев;
Төтенше жағдайлар министрі – Шыңғыс Әрінов. Сырым Шәріпханов қызметінен кетті.
Ұлттық экономика министрі – Нұрлан Байбазаров. Бұған дейін бұл лауазымды Әлібек Қуантыров атқарған еді.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі – Бағдат Мусин;
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Светлана Жақыпова;
Туризм және спорт министрі – Ермек Маржықпаев;
Су ресурстары және ирригация министрі – Нұржан Нұржігітов;
Өнеркісіп және құрылыс министрі – Қанат Шарлапаев;
Экология және табиғи ресурстар министрі – Ерлан Нысанбаев.