Қоғам
Іздеуде жүрген екі Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесіп, іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады және 2024 жылғы 3 сәуірде Стамбул қаласынан Алматы қаласына этаппен жіберілді. Олар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген күдікпен Тергеу изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.