Әлем

Иранға баратын Өзбекстандықтар үшін 4 ақпаннан визасыз режим күшіне енеді

2024 жыл 4 ақпаннан бастап Өзбекстан азаматтары Иранға алты айда бір рет визасыз кіріп, 15 күнге дейін жүре алады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Али-Реза Бигделидің айтуынша, 28 елдің азаматтарына визалық талаптар жойылды.

Бұл елдер: Сауд Арабиясы, Қатар, БАӘ, Бахрейн, Кувейт, Өзбекстан, Қырғызстан, Тунис, Танзания, Мавритания, Зимбабве, Маврикий, Сейшель аралдары, Жапония, Индонезия, Сингапур, Куба, Вьетнам, Камбоджа, Бруней, Бразилия, Мексика, Перу, Хорватия, Сербия, Босния және Герцеговина, Беларусь және Үндістан.

Үндістан азаматтары әуе көлігімен Иранға кірген кезде ғана визасыз режим қолданылады, егер олар құрлық шекаралары арқылы келсе, виза алуы керек.

 

TuraNews

Back to top button