Басты
Ирандағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды
Иранның астанасы Тегерандағы Әзербайжанның елшілігіне қарулы шабуыл жасалды. Шабуылда елшіліктің қауіпсіздікке жауапты басшысы қаза тапты, деп хабарлайды Turanews.kz.
Әзірбайжанның сыртқы істер министрлігі елшілікке шабуыл жасалғанын растады. Тағы екі күзетшінің жараланғаны хабарланды.
Мәлімдемеде калашников автоматынан оқ жаудырған шабуылшының елшілік қауіпсіздік басшысын өлтіріп, 2 күзетшіні жаралағаны атап өтілді.
Әзірбайжан тарапы шұғыл тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Иран тарапынан шабуыл жасаушының қамауға алынғаны және шабуылға қатысты тергеу жұмыстарының басталғаны туралы мәлімдеме жасалды.