Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасаған қылмыскер өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды TuraNews.kz Әзербайжан мемлекеттік AzTV телеарнасына сілтеме жасап.
Иранның Жоғарғы соты Ясин Хусейнзадеге қатысты үкім шығарды.
27 қаңтарда Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі елдің Тегерандағы елшілігіне қарулы шабуыл жасалғанын хабаралаған болатын. Шаубыл салдарынан дипломатиялық миссияның қауіпсіздік бөлімінің бастығы қаза тауып, оның екі әріптесі жарақат алған еді.
«Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарулы шабуылды айыптап, оны террористік акт деп атап, дереу тергеу жұмыстарын жүргізіп,-ақ кінәлілерді жазалауды талап етті. 29 қаңтарда елдің Тегерандағы елшілігінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері — барлығы 53 адам Бакуге эвакуацияланды.», — денілген хабарламада.
Елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов журналистерге Тегерандағы елшіліктің дипломатиялық қызметті толығымен тоқтатқанымен, елдің Тебриздегі бас консулдығы жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.