ӘлемСаясат

Иран Президенті Раиси Түркияға барады

Иран президенті Ибрахим Раиси 4 қаңтар күні Түркияға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Дипломатиялық хабар көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда, Иран мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі диалогтың жалғасуы тұрғысынан Раисидің сапары маңызды саты болып табылады. Сонымен бірге өзекті мәселелердің қолға алынуы тұрғысынан ыңғайлы мүмкіндік.

Сапар барысында екі жақты қатынастарға қоса Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ирандық әріптестерімен Газа тақырыбына және аймақтық мәселелерге тоқталады. Сапар барысында Ирак, Сирия, оңтүстік Кавказ, Ауғанстан секілді аймақтық тақырыптар да талқыланады.

Түркия мен Иран 560 километрлік шекарамен байланысады. Осы аяда PKK террорлық ұйымы мен PKK-ның Ирандағы жалғасы PJAK секілді террорлық ұйымдарға қарсы бірігіп күрестің жалғасуы — өзекті тақырып.

Раисидің Түркия сапары барысында мәдениет, ғылым, медиа, ішкі істер, транспорт, сауда және экономика саласында 10 шақты келісімге қол қойылады.

Сонымен бірге екі мемлекеттің басшылары Иранда жұмыс істейтін түрік инвестор және іскерлермен бас қосады.

 

TuraNews

Back to top button