
Түркияның Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының хабарламасына қарағанда, ел астанасы Анкарада Түркия-Иран Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің сегізінші отырысының өтетіні атап өтілді.
«Кездесуде Түркия-Иран қарым-қатынастарының барлық аспектілері қарастырылып, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету үшін жасалуы мүмкін қадамдар талқыланады», — денілген хабарламада.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардан бөлек, аймақтық және жаһандық өзекті мәселелер, әсіресе Израильдің Газа секторы мен басып алынған Палестина аумақтарына жасаған шабуылдары туралы пікір алмасылады. Сондай-ақ қарым-қатынастардың келісім-шарттық негізін нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылады.