Иран мен Әзербайжан шекарада жаңа автокөпір ашты
Иран мен Әзербайжан екі елдің шығыс шекарасындағы жаңа бақылау-өткізу пункті қызметін атқаратын Астарачай өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін ашты, деп хабарлайды TuraNews.kz ақпараттық порталы Uza агенттігіне сілтеме жасап.
Иранның Жол және қала құрылысы министрлігінің хабарына қарағанда, ашылу салтанатына Иранның Жол және қала құрылысы министрі Мехрдад Базрпаш пен Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Шахин Мустафаев қатысқан.
Ұзындығы 89 метр және ені 30,6 метр болатын төрт жолақты көпір 5,8 миллион еуро (шамамен 6,4 миллион доллар) инвестициямен 22 айда салынған. Сондай-ақ көпірдің екі жағында ені 2,5 метр жабық жаяу жүргіншілер жолы бар.
Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары өткен аптада ирандық министрмен телефон арқылы сөйлесуінде 2023 жылы екі ел арасындағы жүк теміржол тасымалының 47 пайызға артқанын мәлімдеген. 2022 жылмен салыстырғанда 700 мың тоннадан асқан.