Қоғам

Интернет-алаяқтықтың алдын алу – әр азаматтың жауапкершілігі

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты интернет-алаяқтық қылмыстары да көбейіп келеді. Алаяқтар өзін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе мемлекеттік мекеме өкілі ретінде таныстырып, азаматтардың жеке деректерін, SMS-кодтарын, банк картасының мәліметтерін алдап алып, қаражатын заңсыз иемденеді.

⚖️ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес, алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін немесе оған құқықты алдау не сенімге қиянат жасау арқылы иемдену – қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Қылмыстың ауырлығына қарай айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

💳 Сонымен қатар, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске 232-1-бап енгізілді. Бұл бап дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді. Өз банк картасын, шотын немесе төлем құралдарын бөгде адамдарға ақша үшін пайдалануға беру, сондай-ақ заңсыз ақша аударымдарына қатысу – қылмыс болып саналады. Бұл әрекеттер үшін айыппұлдан бастап, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

✅ Өзіңізді интернет-алаяқтардан қорғау үшін:

* Банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және CVV кодын ешкімге айтпаңыз;
* Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
* Белгісіз адамдардың өтінішімен ақша аудармаңыз;
* Банк шотыңызды немесе картаңызды бөгде адамдардың пайдалануына бермеңіз;
* Күмәнді қоңыраулар кезінде әңгімені тоқтатып, банкке немесе 102 нөміріне хабарласыңыз.

Заңды білу – қауіпсіздіктің кепілі. Интернеттегі қырағылық сіздің қаржыңызды ғана емес, заң алдындағы жауапкершіліктен де қорғайды.

TuraNews

Back to top button