Әлем

Индонезияда футбол матчында 127 адам қаза болды

Индонезияда, Ява аралында өткен футбол матчы кезінде 127 адам қаза болды, деп хабарлады жергілікті полиция. 180 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Жеңілген команда жанкүйерлері футбол алаңына жүгіріп шығып, соның салдарынан адамдар сығылысып, бір-бірін таптап кеткен.

Индонезияның екі футбол командасы, Arema мен Persebaya Surabaya Маланг қаласындағы стадионда ойнаған. Arema командасының 2:3 есебімен жеңілуіне шыдамаған жанкүйерлер футбол алаңына ұмтылған. Ашуланған топтың әрекеті көптеген адамның өліміне себеп болды. Полиция жас ағызатын газ пайдаланған, бірақ бұл тәртіпсіздікті онан сайын ушықтырған. Қаза болғандар арасында әйелдер мен балалар бар. Екі полиция қызметкері де қаза болған.

Индонезия футбол лигасы бір аптаға жұмысын тоқтатты. Оқиға тергеліп жатыр.

Source
Azattyq.org

TuraNews

Back to top button